Цифрлы аэрофототүсірілім

«Қазгеодезия» РМҚК экономика мен өндірістің кең ауқымды міндеттерін шешуге арналған объектілердің алаңы мен кескіндемесі бойынша түрлі цифрлы аэротүсірілімдерді орындайды.

Аэротүсірілім — ұшаққа орнатылған аэротүсірілім кешенінің көмегімен жергілікті жерді фотоға түсіру, аэротүсірілімдер бойынша топографиялық карталар жасау үшін жүргізіледі; орман және жер қорларын зерттеу және есепке алу үшін: инженерлік құрылымдарды жобалау; геологиялық барлау жұмыстарын орындау кезінде және басқа да шаруашылық мақсаттарда жасалады.

1

Аэротүсірілімді өңдеу кезінде алынған ортофотожоспарлар мынадай тұтынушылық қасиеттерге ие:

Қолданыстағы стандарт талаптарын қанағаттандыратын дәлдік;
• Болуы мүмкін спектральді сипаттамалардың кез келгенін бейнелеу: ақ-қара, түрлі түсті, шартты түстер;
• Жоғары фотометриялық сапа;
• Ортофотожоспардың барлық алаңы бойынша фотобейне түсін теңестіру.

2

Аэротүсірілім кезінде алынған бедердің цифрлы үлгісі инженерлік құрылымдарды, көлік желілерін жобалау кезінде қолданылады және бас жоспарларды әзірлеу кезінде жүргізілетін жұмыстың жалпы мерзімін қысқартады, жұмыс нәтижесінің сапасын және ұсынылған шешімдердің тиімділігін арттырады.

3

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.