Өлшеу құралдарын тексеру

Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Стандарттау, метрология және сертификаттау комитеті (Мемстандарт) 2001 жылы «Қазгеокарт» РМҚК өлшеу құралдарын жөндеу және тексерумен айналысуға бас лицензия берді (Лицензия серияы МА №0001140 және №0001144). Сонымен қатар әрбір үш жыл сайын ҚР Мемстандарты кәсіпорынының тексеру зертханасын аккредитациялау саласына сәйкес өлшеу құралдарын тексеру құқығына қайта аккредитациялау өткізеді. Соңғы 2016 жылғы 23 ақпандағы № KZ.П.02.1119 аккредитциялау аттестаты 5 жыл мерзімге берілді.    

Жөндеу құқығын лицензиялау саласы:
1. Электрондысын қоспағанда барлық тұрпатты теодилиттер;
2. Электрондысын қоспағанда барлық тұрпатты нивелирлер.

Тексеру құқығын аккредиттеу саласы:
1. оптикалық және электронды теодолиттер;
2. электронды тахеометрлер;
3. оптикалық және электронды нивелирлер;
4. нивелир рейкалар (шашкалы, инварлы және кодты);
5. Лазерлі рулеткалар мен ұзындық өлшегіштер;
6. Өлшеудің ғарыштық өлшегіштері (GPS және ГНСС – қабылдағыштар);
7. Әмбебап коллиматорлы қабырғалар.

Жөндеу мен тексеруді осы салада үлкен еңбек өтілі бар жоғары білікті мамандар орындайды. Тексерушілер өздерінің техникалық деңгейін біліктілігін арттыру курстарына барып жоғарылатып отырады және ҚР өлшемдердің бірізділігін қамтамасыз ететін мемлекеттік жүйелер тізілімінде тіркелген сертификаттары бар.

Зертхана толық көлемде эталондармен, тексеру және жөндеу жабдықтарымен, сондай-ақ геодезиялық құралдарды жөндеуге арналған құрамдас бөлшектермен жарақтандырылған.

Тұрақты тапсырыс берушілер: «Бассар Электроникс» ЖШС, «Құрылыс» ЖШС, «Қолдау» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, «АсарСтройСервис» ЖШС, Қазақстанның ядролық орталығы (Курчатов қаласы) және басқа.

Зертхананың мекенжайы: Алматы қаласы, І. Жансүгіров көшесі, 299  
Тел./факс 8(727) 382-48-61
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.; Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

atestat kz

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.