Жамбылгеодезия

“Жамбылгеодезия” филиалы
080012, Тараз қаласы. Желтоқсан көшесі, 30а тел.+7 (7262) 45-49-84, 45-52-84 факс +7 (7262) 45-49-84
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қалыптасу тарихы
1947 жылы № 62 геодезиялық отряды қалыптасты, 1965 жылы № 102 экспедиция болып аталды, 1992 жылы Жамбыл картографиялық-геодезиялық кәсіпорны (Жамбылгеодезия), 1993 жылы – Оңтүстік Қазақстан картографиялық-геодезиялық кәсіпорны (Южказгеодезия), 1996 жылы Қазыналық Жамбыл  картографиялық-геодезиялық кәсіпорны (Жамбылгеодезия), 2000 жылы «Южгеодезия» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) аталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 668  қаулысымен бірнеше филиалы бар «Қазгеодезия» РМҚК қалыптасты. Қазіргі уақытта ұйым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Жамбылгеодезия» филиалы болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 жылғы № 295 қаулысы).

Жету сызбасы
2

«Жамбылгеодезия» филиалы мынадай жұмыс түрлерін орындайды:

Кәсіпорын заманауи технологияларды пайдалана отырып кез келген масштабтағы және алаңдағы мемлекеттік бюджеттік және шарттық топографиялық-геодезиялық, картографиялық, жерге орналастыру, жер-кадастрлық жұмыстарды орындайды. Сонымен қатар, геодинамикалық полигондарда геодезиялық бақылаударды жүзеге асырады. Еліміздің барлық өңірлері кәсіпорынның әрекет ету аймағы болып табылады. Сонымен қатар, осыған дейін Ресей Федерациясының Новосибирь облысы, Тува АССР және Қырғыз еліндегі жұмыстарды орындаған.

1. Геодезия және картография
Барлық класты мемлекеттік геодезиялық және нивелирлік желілерді жасау және дамыту;
1:500 - 1:10 000 масштабты топографиялық түсірілімдер, оның ішінде жер асты коммуникацияларын түсіру;
Кез келген масштабтағы топографиялық карталар мен жоспарларды жаңарту;
Газ тарту, су құбырын, электр кабельдерін, байланыс кабельдерін төсеу үшін қасбеттік түсірілім;
Инженерлік-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстар;
Жер беті деформациялануын зерттеу, сондай-ақ биік ғимараттар мен инженерлік құрылымдардың құрылысын бақылау; Жергілікті жерлерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың шекарасын белгілеу;
Графикалық, электронды және басқа да түрдегі арнайы мақсаттағы тақырыптық карталар, жоспарлар мен атластар.

2. Геоақпараттық жұйелер
Арнайы мақсаттағы географиялық жүйелерді жасау және жүргізу;
Түрлі дереккөздерден (қағаз карталар, растрлік бейнелер, аэрофототүсірілім материалдары және т.б.) кез келген масштабтағы цифрлы карталар жасау;
Растрларды жергілікті координаттар жүйесіне орайластыру;
Графикалық ақпараттарды кодтау (векторлау);
Электронды жоспарлар-инженерлік желі сызбаларын жасау.

3. Жерге орналастыру
Жер-кадастр жұмыстарын орындау;
Әкімшілік-аумақтық құрылымдар, жер иелері және жерді пайдаланушылардың жергілікті жерлердегі шекараларын белгілеу (қалпына келтіру);
Меншіктің түрлі нысандары бар шаруашылықтар үшін натураға ауыстыра отырып жер учаскелерін жобалауға бөлу.

4. Желілік объектілерді құжаттандыру
Коммуникация сызбаларын жасау;
Топожоспарға енгізе отырып келесі және қиылысатын коммуникациялармен параллель тереңдіктерді анықтау;
Үлкейтілген масштабта технологиялық алаңқайларды түсіру;
ЭЖЖ түсіру және олардың тіректерін координаттау;
Желілік құрылымдардың дәліздеріне цифрлы карта жасау.

5. Полиграфия
Кез келген масштабтағы топографиялық және географиялық карталар жасау, баспаға дайындау.
Түрлі мақсаттағы атластарды, туристік жоспарларды, контурлы карталарды басып шығару;
Шектеусіз мөлшердегі екі жақты ламинаттау, қағазды кесу, түптеу және басқа.

Техникалық жарақтандыру
• Геодезиялық жабдықтар: AG«Leicageosystems» шығарған GPS-қабылдағыштар, электронды тахеометрлер, цифрлы және оптикалық нивелирлер, «TOPCON», жарықпен алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар, теодолиттер
Компьютерлік техника: жеке компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер мен плоттерлер
AG «Leicageosystems» шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар
Бағдарламалық қамтамасыз ету өнімі: ArcGIS 9.1, Microstation, MapInfo Professional, AutoCad
Арнайы мақсаттағы автокөлік

Филиал тапсырыс бойынша жұмыс істеу тәжірибесі бар:
«Тенгизшевройл» ЖШС,
«ПетроКазахстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ
«PETROMS.A.» Румынь мұнай компаниясы,
«Таукен компаниясы» ЖШС,
«Торғай Петролеум» ЖАҚ, СП «Қазгермұнай»,
«AgipКСО»,
ЖАМС (Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігі) фирмасы,
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ,
«Казаэронавигация» РМК,
«Астана бас жоспары» ЖШС,
«ШҚО Табиғатты қорғау бағдарламаларын іске асыру бойынша басқарма»,  
«Көліктік сервис орталағы» АҚ,  
«Еврохимтыңайтқыш» ЖШС

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.