Солтүстікгеодезия

Көкшетау қаласы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 131 телефоны 8/716-2/32-91-89
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қалыптасу тарихы

№ 9 кәсіпорынның № 162 экспедициясы КСРО Министрлер Кеңесінің жанындағы МГКБ 30.12.1980 жылғы № 595 бұйрығына сәйкес 01.01.1981 жылдан бастап «Уралгеодезия» Орал аэрогеодезиялық өндірістік бірлестігінің № 162  Бірлескен Кешенді Экспедициясы (№ 162 БКЭ) болып ауыстырылды.    
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 09.03.1992 жылғы № 26 қаулысымен «Қазгеодезия» Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорнының «Көкшетаугеодезия» Көкшетау картографиялық-геодезиялық кәсіпорны болып аталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.05.2000 жылғы № 794 қаулысымен Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Солтүстікгеодезия» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып аталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 668  қаулысымен бірнеше филиалы бар «Қазгеодезия» РМҚК қалыптасты. Қазіргі уақытта ұйым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Солтүстікгеодезия» филиалы болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 жылғы № 295 қаулысы).

Жету сызбасы
6

Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын жұмыс түрлері:
Триангуляция пункттерін зерттеу, нивелирлік белгілерді зерттеу және қалпына келтіру, пункттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау
Құрылысы бар және құрылысы жоқ аумақтарды М 1:2 000 шифрлап оқу.
I, II класты нивелирлеу
М 1:25 000 карталарды жаңарту кезіндегі далалық жұмыстар
М 1:25000    (1:50 000, 1:100 000) цифрлы топографиялық карталарды жасау және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар
Мемлекеттік тілде М 1:25 000 цифрлы топографиялық карталар жасау
Орыс тілінде М 1:50 000 цифрлы топографиялық карталар жасау
Қалалардың 1:2 000 масштабты жоспарларын жасау

Тапсырыс берушімен шарт бойынша орындалатын жұмыс түрлері
Топографиялық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстарының барлық түрлері

1:200 бастап 1:10 000 дейінгі масштабтағы топографиялық түсірілім
Темір және автомобиль жолдарын инженерлік-геодезиялық зерттеу
Геодезиялық орталықтар салу және төсеу
Жоспарлы-биіктік түсіру желілерін жасау
Жобалау және құрылысқа арналған топографиялық жұмыстар (1:10 000 бастап 1:200 дейінгі масштабтағы түсірілім, сондай-ақ жер асты коммуникациялары мен құрылымдарын түсіру, жер бетіндегі желілік құрылымдар мен олардың элементтерін трассалау және түсіру);
Инженерлік-геологиялық қазбаларды, геофизикалық және басқа да зерттеу нүктелерін орайластыра отырып натураға ауыстыруға байланысты геодезиялық жұмыстар
Жер кадастрына арналған геодезиялық жұмыстар
1:
500, 1:1 000, 1:2 000,1:5 000, 1:10 000, 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 масштабты карталарды жасау және жаңарту.

Жерге орналастыру жұмыстары
Жер учаскелеріне (ғимарат, құрылым астындағы) құқық ресімдеу бойынша қызметтер
Жерге орналастыру жобаларын жасау
Жерлердің шекараларын белгілеу
Жер-кадастр жұмыстары

Инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстар, оның ішінде:
Геофизикалық зерттеу, шолу және түсірілім;
Топырақты далалық зерттеу, гидрогеологиялық зерттеу;
Ғимараттар мен құрылымдардың өзгеруін бақылау

Техникалық жарақтану
Филиалдың жұмыстарды орындауға арналған мынадай техникалық жарақтары бар:

Геодезиялық жабдықтар: AG «Leicageosystems» шығарған GPS-қабылдағыштар, электронды тахеометрлер, цифрлы және оптикалық нивелирлер, «TOPCON», жарықты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар, теодолиттер
Компьютерлік техника: жеке компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер мен плоттерлер
AG «Leicageosystems» шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станция
Бағдарламалық қамтамасыз ету өнімі: ArcGIS 9.1, Microstation, MapInfo Professional, AutoCad
Арнайы мақсаттағы автокөлік

Филиалдың тапсырыс бойынша жұмыс істеу тәжірибесі бар:
«KEGOC» АҚ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ
«СКЗ-пирит» ЖШС, Степногорск қаласы
Аралпетролеум ЖШС
Павлодарэнергопроект ЖШС
Астана қаласының халықаралық әуежайы
Мемлекеттік органдар мен мекемелер
Жеке тұлғалар

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.