Шымкентгеодезия

Филиал «Шымкентгеодезия»
Мекенжайы: Шымкент қаласы, Ө. Жолдасбеков көшесі, 73, тел/факс: 8-7252-57-19-76
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қалыптасу тарихы

Шымкент геодезиялық орталығы (ШГО) филиал ретінде қызметін кеңейту мақсатында 2000 жылдың қазан айында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында «Оңтүстікгеодезия» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 668  қаулысымен бірнеше филиалы бар «Қазгеодезия» РМҚК қалыптасты. Қазіргі уақытта ұйым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Шымкентгеодезия» филиалы болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 жылғы № 295 қаулысы).

Жету сызбасы
8

Орындайтын жұмыс түрлері:

Барлық класты мемлекеттік геодезиялық және нивелирлік желілерді жасау және дамыту;
1:500 – 1:10 000 масштабты, оның ішінде жер асты коммуникацияларын топографиялық түсіру;
Кез келген масштабты топографиялық карталар мен жоспарларды жаңарту;
Газ тарту, су құбырын, электр кабельдері, байланыс кабельдерін төсеуге арналған қасбеттік түсірілім;
Инженерлік-геодезиялық жұмыстар;
Түрлі көздерден кез келген масштабтағы цифрлы карталар жасау (қағаз карталар, растрлік бейнелер, аэрофото және ғарыштық түсірілім материалдары және т.б.);
Жергілікті координаттар жүйесіне растрлерді орайластыру;
Жер-кадастр жұмыстарын орындау;
Жергілікті жердегі жер пайдаланушылардың пайдаланушылардың шекарасын белгілеу.

Техникалық жарақтандырылуы
Электронды тахеометрлер, цифрлы және оптикалық нивелирлер, алыстан жарықты өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-қабылдағыштар, GPS-навигаторлар;
Жеке компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер мен плоттерлер;
Цифрлы фотограмметрияға арналған графиякалық станциялар;
Бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері AutoCad, MapInfo Professional, Microstation, ArcGIS және т.б.;
Арнайы мақсаттағы автокөліктер.

Филиалдың тапсырыс бойынша жұмыстарды орындау тәжірибесі бар:

«Петро Казахстан Ойл Продактс» ЖШС
«Қазтрансойл» АҚ
«ҚТЖ» ҰК» АҚ
«South Petrolium» ЖШС
«Kazakh Konstraktion» АҚ және т.б.

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.