Шығысгеодезия

«Шығысгеодезия» филиалы
Семей қаласы, Ғабдолла Тоқай көшесі, 32 телефоны 8/722-2/52-10-61, факс 8/722-2/52-59-86
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қалыптасу тарихы
Кәсіпорынның қалыптасу тарихы 1957 жылы ұйымдастырылған № 33 топографиялық-геодезиялық отрядтан бастау алады. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы МГКБ 20.11.1965 жылғы № 41-11 бұйрығының негізінде  № 33 отряд № 103 экспедиция болып аталды. КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы МГКБ 18.08.1986 жылғы № 400-11 бұйрығының негізінде № 103 экспедиция № 103 Бірлескен Кешенді Экспедиция (БКЭ) болып аталды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің жанындағы МГКБ 11.03.1993 жылғы № 24 бұйрығымен №103 БКЭ Семей картографиялық-геодезиялық кәсіпорны болып аталды. Қазақстан Республикасы Министрлер Кеңесінің жанындағы МГКБ  бұйрығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 25.05.2000 жылғы № 794 қаулысына сәйкес Семей картографиялық-геодезиялық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Шығысгеодезия» РМҚК болып аталды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 668  қаулысымен бірнеше филиалы бар «Қазгеодезия» РМҚК қалыптасты. Қазіргі уақытта ұйым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Шығысгеодезия» филиалы болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 жылғы № 295 қаулысы).

Жету сызбасы
7

Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалатын жұмыс түрлері:
Триангуляция пункттерін зерттеу, нивелирлік белгілерді зерттеу және қалпына келтіру, пункттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау
Құрылысы бар және құрылысы жоқ аумақтарды М 1:2 000 шифрлап оқу.
I, II класты нивелирлеу
М 1:25 000 карталарды жаңарту кезіндегі далалық жұмыстар
М 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 цифрлы топографиялық карталарды жасау және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар
Мемлекеттік тілде М 1:25 000, 1:50 000, 1:100 000 цифрлы топографиялық карталар жасау
Орыс тілінде М 1:50 000, 1:100 000 цифрлы топографиялық карталар жасау
Қалалардың 1:2 000 масштабты жоспарларын жасау

Тапсырыс берушімен шарт бойынша орындалатын жұмыс түрлері
Топографиялық-геодезиялық, картографиялық және жерге орналастыру жұмыстарының барлық түрлері

1:200 бастап 1:10 000 дейінгі масштабтағы топографиялық түсірілімдер
Темір және автомобиль жолдарын инженерлік-геодезиялық зерттеу
Геодезиялық орталықтарды салу және төсеу;
Жоспарлы-биіктік түсірілім желілерін жасау;
Жер бетінің және ГЭС гидротехникалық құрылымдарының қозғалысын жоғары дәлдікті геодезиялық өлшеу және қадағалау
Жобалау және құрылысқа арналған топографиялық жұмыстар (1:10 000 бастап 1:200 дейінгі масштабтағы түсірілімдер, сондай-ақ жер асты коммуникациялар мен құрылымдарының түсірілімдері, жер бетіндегі желілік құрылымдар мен олардың элементтерін трассалау және түсіру).
Инженерлік-геологиялық қазбаларды, геофизикалық және басқа да зерттеу нүктелерін орайластыра отырып натураға ауыстыруға байланысты геодезиялық жұмыстар;
Жер кадастрына арналған геодезиялық жұмыстар
1:500, 1:1 000, 1:2 000,1:5 000, 1:10 000, 1:25 000,
1:50 000, 1:100 000 масштабты карталар жасау және жаңарту.

Жерге орналастыру жұмыстары
Жергілікті жерлердің шекараларын белгілеу.
Жер-кадастр жұмыстары
Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағының және сынақ алаңқайларының шекараларын геодезиялық тәсілмен анықтау, келісу және қалпына келтіру

Техникалық жарақтандырылуы

Филиалдың жұмыстарды орындау үшін мынадай техникалық жарақтары бар:
Геодезиялық жабдықтар: AG «Leicageosystems» шығарған GPS-қабылдағыштар, GPS навигаторлар, электронды тахеометрлер ТС-407, цифрлы және оптикалық нивелирлер, «TOPCON», трасса іздегіштер,
Компьютерлік техника: жеке компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер мен плоттерлер
AG «Leicageosystems» шығарған цифрлы фотограмметрияларға арналған графикалық станциялар
Бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері: Macrostation v8, Mapinfo Professional 8.0, Adobe Photoshop CS 2, Frame Painter v.2.1.0.7, Transform 2.0, Easy Trace 7.99 Pro, Leica Survey office/ Geo office, Printer Emulator
Түрлі қиын жолдардан өте алатын арнайы мақсаттағы автокөлік

Филиалдың тапсырыс бойынша жұмыстарды орындау тәжірибесі бар:
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Ядролық орталығы» РМК
«Землеустроитель» ЖШС
«Шульба ГЭСі» ЖШС
«ФМЛ Қазақстан» ЖШС
Мемлекеттік органдар мен мекемелер
Жеке тұлғалар

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.