Республикалық картографиялық фабрика

«Қазгеодезия» РМҚК «Республикалық картографиялық фабрика» филиалы
Алматы қаласы, Победа көшесі, 11, тел.: (727) 233-96-96, (727) 233-96-98, (727) 384-71-42
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Республикалық картографиялық фабрика (РКФ) ― Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК филиалы ― еліміздің экономикасы мен қорғанысының түрлі салаларында қолданылатын топографиялық карталардың барлық масштаб қатарымен қамтамасыз ететін Қазақстандағы жалғыз кәсіпорын.

Картография, баспа және полиграфиялық өндірістің заманауи даму ағымы, компьютерлік технология саласындағы жаңа жетістіктер толық өндірістік цикл бойынша – картографиялық өнімдер мен тақырыптық шығармаларды жасау және баспаға дайындаудан бастап таралымды баспаға дейінгі өңдеуге дайындық және баспа жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.  

Республикалық картографиялық фабрика Қазақстан Республикасында полиграфия бойынша барлық қызмет түрлерін ұсынады.
Біз түрлі мақсаттағы карталарды, жоспарларды, атластарды әзірлеу, жасау, құрастыру, жалпы таралыммен шығаруға дайындау және басып шығару, плакаттар, түрлі түптелген кітаптар, буклеттер, брошюралар, бланктер, парақшалар, каталоглат, жапсырмалар, флаерлар, конверттер және т.б. өкілдік және жарнамалық полиграфиялық өнімдер шығару бойынша қызметтер көрсетеміз.

«Қазгеодезия» РМҚК филиалы «Республикалық картографиялық фабрика» кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің үлкен сұранысын ескере отырып, Жер ресурстары және жерге орналастырудың мемлекеттік ғылыми-өндірістік орталығымен (МемжерҒӨО) және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарымен (ЕМК) ЖРБА бір салада әрекет ететін құрылым болғандықтан жоғары сапада және белгіленген мерзімде баспаға дейінгі жұмыстарды ұсынады және тұрақты орындауға дайын екендігін білдіреді:

1. Фирмалық бланктер;

2. Жер актілері:

жеке меншік құқығына;
тұрақты жер пайдалану құқығына;
ақысыз жер пайдалану құқығына;
ақылы жер пайдалану құқығына;

3. Есепке алу журналдары (қатты және жұмсақ түптемеде);
4. Паспорттар;
5. жер учаскелерін жалға алу шарттары;
6. Бланктер
(үлгіге сәйкес түр түрімен);
7. Қарар бланктері ― бұрыштамалар;
8. Кадастрлық істердің папкалары;
9. Мұрағаттық құжаттарға арналған папкалар
(түрі түсті);

Және кез келген басқа да жер мәселелері бойынша жұмыс өндірісі барысында қолданылатын полиграфиялық өнімдер (нормативтік-техникалық құжаттар (НТҚ), басшылыққа алатын техникалық материалдар (БТМ), нұсқаулықтар, ғылыми-техникалық әдебиет, ғылыми еңбектер, монографиялар және т.б.).

«РКФ» ұжымы Қазақстандағы жалғыз полиграфиялық кәсіпорын ретінде біршама оң нәтижелерге қол жеткізді:

«РКФ» «Алтын Қыран» халықтық сапа белгісі сертификатына ие болды. Осы құжат кәсіпорын өнімдерінің стандарттың талаптарына сай келетін, сапалы және қауіпсіз екендігін растайды, бұл технологиялық үдерістің тұрақтылығына, әрдайым кәсіпорынды дамыту жолдарын іздестіре жүруге негізделген;

«РКФ» «Картографиялық және полиграфиялық қызметтер» номинациясында «Қыран» өңірлік тұтынушылар лигасы» қоғамдық бірлестігінің дипломымен марапатталды;

Жемісті еңбек, баспа өнімдерін жасауға жаңаша көзқарас, жемісті бірлескен жобалар мен ұзаққа созылған серіктестік қарым қатынас үшін «НИССА Евразия», «Из рук в руки» газетінен алғыс алған.

2010 жылы Халықаралық Іскерлік Кеңесі (ХІК) Республикалық картографиялық фабриканы кәсіпкерлік қызмет саласындағы «Европейский грант» халықаралық, құрмет сыйлығымен марапаттауға ұсыныс жасады.

Фабриканың өндірістік қуатын тең жүктемеге бөлу мәселесін шешу, ал ол бүгінгі күні де өзекті, нәтижесінде жұмыстағы тұрақтылықты және мемлекет алдындағы шарттық міндеттемелерді жемісті орындауды қамтамасыз етеді.

Біз барлық мүдделі тұлғаларды РКФ полиграфиялық өнімдерге тапсырыс беруге шақырамыз.

Жету сызбасы
5

КОМПЬЮТЕРЛІК КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ ГАЖ ЦЕХЫ

Жұмыс істеп тұрған уақытында цех ұжымы ГАЖ-бағдарлама және графикалық бейнелерді өңдеуге арналған бағдарламалардың көмегімен цифрлы түрдегі топографиялық карталардың баспалық түпнұсқаларын жасау бойынша қажетті бағдарламалардың барлығын игерді.

ГАЖ карталарға ерекше орын бөлінген. ГАЖ карталар жасау үдерісі карта жасаудың дәстүрлі қолмен немесе автоматты түрде жасау тәсілдеріне қарағанда қарапайым және ілкімді. Ол деректер базасын жасаудан басталады.

Бастапқы деректерді алу көздері ретінде қарапайым қағаз карталарды пайдалануға және цифрлауға болады.
Карталарды нақты цифрлы түрде жасаудың мақсатқа сай келуі келешекте жедел жаңарту, қажетті санда тарату, компакт-дисктерде мұрағаттаудың қолайлылығынан туындап отыр. Деректер базасын кез келген уақытта жаңа деректермен толықтыруға болады (мысалы, басқа деректер базасынан), ал ондағы деректерді қажет болған жағдайда түзете аласыз. Сонымен қатар, РКФ технологиясы мен орнатылған жабдықтар басу кезінде тек цифрлы түрдегі карталарды талап етеді.

РКФ құрылған топографиялық деректер базасын басқа да бөлімдер мен бөлімшелер негіз ретінде пайдалана алады, әрі деректерді жылдам көшіру және оларды фабриканың электроника жөніндегі инженерлері жасаған жеке желі бойынша жолдау мүмкіндігі бар, басқа ұйымдардың мамандарына жүгіну қажет емес.

Компьютерлерді бір желіге біріктіру желіні пайдаланушыларға жаңа мүмкіндіктер ұсынады, жекелеген компьютерлердің мүмкіндігімен салыстыруға келмейтін бұл жол компьютерлерді күтіп ұстауға кететін шығында азайту арқылы ақшалай қаражатты үнемдеуге, өте қысқа мерзім ішінде құжатты бір компьютерден екіншісіне жіберуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, желі таңдаулы пайдаланушыларына (файл-серверге тіркелген) желі операторы ғана рұқсат беретін ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл біздің режимді қамтамасыз ету бойынша жұмыстарымызды орындауда аса маңызды.

Цех жанынан түрлі мақсаттағы тақырыптық шығармалар мен картографиялық өнімдерді баспаға дайындау тобы құрылған.

Тақырыптық карталар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалады.
Картфабрика соңғы уақыттарда:
Қазақстан Республикасының саяси-әкімшілік картасын;
Қазақстан Республикасының автомобиль және темір жолдары картасын;
Қазақстан Республикасының мұнай және газ магистралдары көрсетілген физикалық картасын;
Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары көрсетеілген физикалық картасын;
Қарағанды облысының түрлі масштабтағы физикалық картасын;
Алматы қаласының жан жақты көлік орамдарының сызбасы бар жоспар-схемасын;
Алматы қаласы аудандарының схемаларын;
Алматының айналасындағы «Аңшылар мен балық аулаушыларға арналған» туристік картаны жасады

Мүдделі ұйымдардың тапсырысы бойынша мынадай карталар жасалды:
Еуразия көлік жүйесінің картасы;
Әлемнің саяси картасы;
Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық картасы;
Маңғыстау облысының физикалық картасы;
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілік–аумақтық картасы;
Оңтүстік Қазақстан облысының физикалық картасы;
«Қазақстан Республикасының экономикалық географиясы» білім беру карталарының жинағы;
Арнайы тапсырыс бойынша «Батыс Еуропа ― Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлізі» автомобиль жолдарының трассасын төсеудің айрықша жоспар-картасын және басқа да тақырыптық карталарды шығарды.

РЕДАКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМ

Топографиялық карталарды жасау және жаңарту бойынша өндірістің барлық кезеңінде жұмыстардың сапасын бақылау және нәтижелерін қабылдау жүзеге асырылады, оны редакциялық бөлім орындайды.

Сапасын бақылау және жұмыстарды қабылдап алу топогеодезиялық және карторафиялық жұмыстардың сапасын бақылау және қабылдап алу бойынша тиісті нормативтік-техникалық актілерде баяндалған талаптарға сәйкес жасалады.

Цифрлы топографиялық карталарда объектілер олардың масштабы мен түсріліп отырған жергілікті жердің жағдайына сәйкес топографиялық карталарға арналып қабылданған шартты белгілермен көрсетілуі керек.

Редакциялық бөлім тек мемлекеттік топографиялық карталар шығарып қана қоймай, тақырыптық карталар жасаумен де айналысады.

БАСУҒА ДЕЙІНГІ ҮДЕРІСТЕР МЕН БАСПА ЦЕХЫ

Материал баспаға түскенге дейінгі орындалатын түрлі полиграфиялық жұмыстар басуға дейінгі үдерістер деп аталады.

Бұл түсініктерге: мәтінді теру, түзету және редакциялау, бейне материалдарды жинау, сканирлеу және түстерін түзету, дизайн, басылым жолақтарын версткалау, монтаждау және жолақтарды баспа парағына төсеу, баспа формаларын дайындау.

РКФ-тағы басылымдармен басуға дейінгі жұмыстың басты міндеті – дайын баспа өніміне түсіп кетіп, таратылып кетуі мүмкін қателіктер мен ескермеушіліктерді жою.

Дайын, келісілген түпнұсқа-макет міндетті түрде тапсырыс берушімен келісіледі, бұл баспадан кейін негізсіз наразылықтар болуының алдын алады.

Баспа алдындағы дайындық
Баспа алдындағы дайындық басуға жіберуге дайындаудан тұрады. Басуға жіберу дәптерлерді басу және бүктеу кезінде кітап беттері керекті қалыпта орналасуы үшін беттерді орналастырудан тұрады. Басуға дұрыс жіберу баспа өнімін басында ойластырылғандай етіп шығарудан ғана тұрмайды, көбіне материалдар мен жұмысты үнемдейді, осылайша, өнімнің құны арзандайды.

Басуға жіберу үдерісіне қарай беттерді тығыз орналастырады және монтаждайды, осылайша соңғы жарияланым файлдарын баспа үдерісінің талаптарына нақты сәйкестікке келтіреді. Әдетте бұл макетке арнайы элементтерді қосудан тұрады, олар кесу белгілері, түйістіру белгідері, жедел бақылау межелері және т.б. Бұл элементтердің барлығы баспа үшін қажет, басу үдерісін бақылауға көмектеседі.

СТР
Полиграфиялық бұйымдарды баспаға дайындау барысындағы аралық үдеріс баспа формаларын дайындаудан тұрады. Фабрикада цифрлы формалар дайындау технологиясы енгізілген СТР — Computer-to-Plate (ағл.) ― компьютер — баспа формасы. Осы технологияны пайдалану дәстүрлі тәсілден гөрі басымдылыққа ие.

СТР елеулі басымдылығына өндіріс үдерісінен пленка, монтаждау және көшіру, жеделділікті арттыру, баспаға дейінгі дайындықты орындау мерзімін қысқарту және таралымға шығаруды алып тастау жатады ― осыған байланысты қағаз бен бояу шығыны төмендейді, сервистік қызмет көрсету шығыны мен уақытын азаяды, суреттерді формада шығарудың сапасы мен дәлдігі артады, дайын өнімнің құны төмендейді, көптеген жұмыс үдерістерін автоматтандыру есебінен қателердің туындау қаупі азаяды.

Үдерістің құрамдас бөлігі файлға шығаруға дайындалған өнімді шығару қондырғысына түсінікті форматқа ауыстыру, түрлендіру болып табылады. Ауыстыру ― күрделі үдеріс, ол арнайы бағдарламалары бар қуатты компьютерлерде орындалады. Бастапқы файлды дұрыс және жылдам ауыстыру үшін бағдарламаға түсінікті белгілі бір форматқа келтіріледі.

Фабрикаға СТР технологиялар енгізілгелі баспа формаларын дайындау кезеңі басуға дейінгі дайындық кезеңіне ауысты.

БАСПА УЧАСКЕСІ
Фабрикада автоматтандыру деңгейі жоғары, секциялары лакталған және қабылдағышы ұзартылған баспа машиналары орнатылған, бұл:

1. KBA RAPIDA 142 - 4 + LAVL 2 (Германия)
Заманауи және сыртқы формасы әдемі, басқарылуы қарапайым және техникалық қызмет көрсетуге қолайлы, ең жоғары талаптарға жауап бере алатын, көп бояулы, парақтық офсетті баспа машинасы.

Басудың рұқсат етілген ені бойынша KBA RAPIDA 142 ― 4 + LAVL 2 Орталық Азия аумағында ерекше машина.
Қағаздың максимал форматы, мм ― 1020 х 1420
Қағаздың минимал форматы, мм. ― 600 х 720
Осы машинаның басу жылдамдығы ― сағатына 15 000 таңба.
Екі жақтан да басу кезінде ― сағатына 10 000 таңба.

Ол жоғары өнімділігі, әмбебаптығы мен автоматтандырудың жоғары деңгейінің арқасында рентабельді полиграфиялық өндіріс үшін барлық жағдайды жасай алады.

2. SAKURAI-OLIVER-475 SD (Жапония)
Жылдамдығы жоғары, толық автоматтандырылған машина.

Таралымды ауыстыру, нақты және қолайлы баптау кезінде баспа машинасының өзін жылдам дайындау, сондай-ақ таралым кезіндегі баптаудың тұрақтылығы, жинақтаманың сапасы мен салмағының жоғарылығының арқасында басу жылдамдығы жоғары, жүктеме және қабылдайтын қиясының жылдамдығы жоғары, басылатын материал қалыңдығының оптимал диапазонына байланысты осы үлгі әмбебап болып отыр.  Машина орта және «ұзын» таралымдарға бірдей рентабельді.

Машинаның барлық электронды базасының жоғары практикалық сенімділігі.
Әлемдік стандарттарға сай келетін қауіпсіздіктің екі деңгейлі жүйесімен және шуды азайту жүйесімен қамтамасыз етілген.

Қағаздың максимал форматы, мм ― 765 х 600
Қағаздың минимал форматы, мм. ― 400 х 260
Осы машинаның басу жылдамдығы ― сағатына 4 000 бастап ― 15 000 таңба.

Баспадан кейінгі учаске
WOHLENBERG ― жоғары жылдамдықты қағаз кескіш машина (рұқсат етілген ені 185 см., 92 см.);
WOHLENBERG ― жоғары жылдамдықты қағаз кескіш машина (рұқсат етілген ені 92 см.);
DUPLOsystem 5000 ― парақ таңдаушы сызық, блокты жіппен тігу және кесу мүмкіндігі;
BBBourgBinder 3002 ― жартылайавтоматты терможелімі бар машина *min ‒ 90 х 60 мм. (желім жағылған кітаптарды тігу және т.б.);
БНШ ― жіппен тігетін машина;
GUK ― бүктеу машинасы (4 кассеталы);
TITAN 165 ― екі жағынан ыстық таппен ламинаттау (лиминаттау ені 150 см.);

Фабрикада заманауи баспа офсетті машиналардың болуы кез келген полиграфиялық өнімдерді жедел және сапалы орындауға мүмкіндік береді! Біз кәсіби офсеттік баспадан шыққан кез келген полиграфиялық өнімді ұсына аламыз. Тапсырысты өте аз уақыт ішінде орындауға мүмкіндік беретін заманауи технологияларды пайдаланып отырмыз.

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.