Орталықмаркшейдерия

«Қазгеодезия» РМҚК «Орталықмаркшейдерия» филиалы
Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 8 телефоны 8/72-12/415-154, 414-590, 414-486                                          
   e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қалыптасу тарихы
«Қазгеодезия» РМҚК «Орталықмаркшейдерия» филиалының қалыптасу тарихы 1940 жылғы 20 шілдеде құрылған «Союзмаркштрест» трестінен бастау алады. № 308 экспедиция партиясының базасында (Челябинск қаласында) 1978 жылы Қарағанды қаласында № 309 «Союзмаркштрест» экспедициясы құрылды. 1989 жылдың қазанында № 309 экспедиция «Юговостокмаркшейдерия» топографиялық-маркшейдерлік кәсіпорны болып қайта ұйымдастырылды, 1996 жылдан бастап – «Қарағандымаркшейдерия».

2000 жылғы 25 мамырдан бастап кәсіпорын Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Орталықмаркшейдерия» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 668 қаулысымен филиалдары бар «Қазгеодезия» РМҚК құрылды. Қазіргі уақытта ұйым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Орталықмаркшейдерия» филиалы болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 жылғы № 295 қаулысы).

Жету сызбасы
4

«Бақыршық тау кен байыту кәсіпорны» ЖШС;
«Степногорский ГХК» ЖШС;
«Богатырь Комир» ЖШС;
Мемлекеттік органдар мен мекемелер.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша орындайтын жұмыс түрлері:
Триангуляция пункттерін зерттеу, нивелирлік белгілерді зерттеу және қалпына келтіру, пункттердің координаттары мен биіктіктерін анықтау;
Құрылысы бар және құрылысы жоқ аумақтарды М 1:2 000 шифрлап оқу;
I, II класты нивелирлеу;
М 1:25 000 карталарды жаңарту кезіндегі далалық жұмыстар;
М 1:25 000,  1:50 000, 1:100 000 цифрлы топографиялық карталарды жасау және жаңарту бойынша камералдық жұмыстар;
Мемлекеттік және орыс тілдерінде М 1:25 000 – 1:100 000 цифрлы топографиялық карталар жасау;
Қалалардың 1:2 000 масштабты жоспарларын жасау.

Тапсырыс берушілермен шарт жасасу бойынша орындалатын жұмыс түрлері
Кәсіпорын мемлекеттік тапсырыстан бөлік жер қойнауын пайдаланушылармен шарттық жағдайда топографиялық-геодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды орындайды:
гироскопиялық бағыттай отырып жер асты тіректі маркшейдерлік желілерін жасау;
тік шахталық діңгектер мен көлденең қазбалар арқылы биіктік белгілерін тапсыру;
СИ-5 станциясының тік шахталық тіректерінің қабырғалары мен өткізгіштерінің көлбеу түсірілімі;
көтергіш қондырғылар жабдықтарының геометриялық байланысын маркшейдерлік тексеру;
өндірістік алаңқайлар, көмір қоймалары мен үйінділерін түсіру;
шахталық діңгектердің остік пункттерін төсеу және қалпына келтіру;
тау қопару жұмыстарының әсеріне ұшыраған жер беті, ғимараттар мен құрылымдардың жылжуын өндірістік құралдармен қадағалау, сондай-ақ карьерлердің кертпештер мен ернеулерінің жағдайын бақылау;
мемлекеттік және жергілікті геодезиялық желілерді қойылту;
карьерлер мен көмір тілімдерінде тіректі геодезиялық негіздеме жасау;
1:5 000 - 1:500 масштабтағы стереотопографиялық және топографиялық түсірілімдер;
темір жолдар мен автомобиль жолдарының түсірілімі мен нивелирлеу;
кран жолдарын пайдалану кезіндегі геодезиялық жұмыстар;
инженерлік құрылымдардың жылжуы мен өзгеруін геодезиялық бақылау;
желілер мен құрылымдардың трассаларын бөлу;
жер асты және жер үсті құрылымдарын (коммуникацияларын) түсіру және нивелирлеу.

Филиалдың жұмыстарды орындауға арналған мынадай техникалық жарақтары бар:
Геодезиялық жабдықтар: GPS-қабылдағыштар, электронды тахеометрлер, цифрлы және оптикалық  нивелирлер, жарықты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар, теодолиттер;
компьютерлік техника: жеке компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер мен плоттерлер;
AG «Leicageosystems» шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар;
бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері: ArcGIS 9.1, Microstation, MapInfo Professional, AutoCad;
арнайы мақсаттағы автокөліктер;
СИ -5 тік шахталық діңгектердің өткізгіштерінің автоматты қалыпқа келтіру станциясы;
МВТ – 2 маркшейдерлік гирокомпасы.

Филиал ұзақ жылдардан бері ҚР негізгі ірі тау-кен өндіретін кәсіпорындарымен бірге жұмыс істеп келеді:
«Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ;
«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Востокцветмет» ӨБ;
«ССГПО» АҚ;
"ГМК Казахалтын" АҚ;
«АрселорМиттал Темиртау» АҚ;
«Майкаинзолото» АҚ.

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.