Сіз осындасыз:Басты бет/Қазгеокарт

Қазгеокарт

"Қазгеокарт" филиалы
 Алматы қаласы, Әуезов көшесі, 107,  телефоны: 8/727-3/75-60-90
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Қалыптасу тарихы

Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорын өзінің ресми өндірістік қызметін 1945 жылғы 1 қаңтардан бастады. 1948 жылы жабдықтар монтаждалды және пайдалануға берілді, фотолаборатория, чертеж-ресімдеу, стерео-топографиялық, есептеу бригадасы мен техникалық сметалар мен жобалар жасау тобы ұйымдастырылды.

Геодезиялық жұмыстардың үлкен көлемі «Медеу» мұз айдынын, Маңғышлақ АЭС, Іле Алатауының етегіндегі 370 метр теледидар бағанын, Алматыдағы мұз айдынын, Ертіс-Қарағанды арнасын, бірқатар гидротехникалық құрылымдар сияқты бірегей құрылымдарды салу кезінде орындалды. № 6 кәсіпорын Қазақ аэрогеодезиялық кәсіпорны болып атауын өзгертті (Қазгеодезия бойынша 19.12.1989 жылғы № 688 бұйрық).

№107 Біріктірілген Кешенді Экспедиция базасында Алматы геодезиялық орталығы (ҚазАТК бойынша 09.07.1991 жылғы № 257 бұйрық) құрылды. Алматы геодезиялық орталығының базасында «Алматыгеокарта» өндірістік бірлестігі құрылды (Қазгеодезия бойынша 27.03.1993 жылғы № 10 бұйрық).

«Алматыгеокарта» өндірістік бірлестігі «Алматыгеокарта» Алматы картографиялық-геодезиялық кәсіпорны болып қайта құрылды (Қазгеодезия бойынша 02.07.1993 жылғы № 74 бұйрық).

«Алматыгеокарта» кәсіпорнының базасында «Инжгеодезия» Қазыналық Алматы инженерлік-геодезиялық зерттеу кәсіпорны құрылды (Қазгеодезия бойынша 19.07.1996 жылғы № 16 ОД бұйрық).

31.05.2000 жылы «Инжгеодезия» кәсіпорнының қайта ұйымдастырылуын байланысты Қазақстан Республикасы жер ресурстарын басқару агенттігінің «Қазгеокарт» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды (жер ресурстарын басқару Агенттігінің 31.05.2000 жылғы № 44 II бұйрығы).

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.06.2010 жылғы № 668 қаулысымен филиалдары бар «Қазгеодезия» РМҚК құрылды. Қазіргі уақытта ұйым Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жерресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» РМҚК «Қазгеокарт» филиалы болып табылады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 18.05.2016 жылғы № 295 қаулысы).

Жету сызбасы
3

Орындайтын жұмыс түрлері:

• Тығыздығы мен дәлдігі мемлекеттік топографиялық карталар мен жоспарларды жасауды қамтамасыз ететін барлық класты мемлекеттік астрономиялық-геодезиялық, ғарыштық геодезиялық және нивелирлік желілерді жасау, дамыту, зерттеу, қалпына келтіру;

Дәлдігі мен мазмұны жалпы мемлекеттік, қорғаныс, ғылыми-зерттеу және басқа да міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін графикалық, цифрлы, фотографиялық, электронды және басқа да нысандағы мемлекеттік, оның ішінде қалалар мен елді мекендердің топографиялық карталары мен жоспарларын жасау және жаңарту;

Геодезиялық ғарыштық технологияларды енгізу және пайдалану;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекараларының геодезиялық, картографиялық, топографиялық және гидрографиялық делимитациясын, демаркациясын қамтамасыз ету және сызықтарының өтуін тексеру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының теңіз кеңістігін делимитациялау;

Теңіз, өзендер, көлдер мен су қоймаларының шельфін картоландыру;

Жер беті және жер асты құрылымдары мен желілерінің түрлі объектілерін жасауға арналған топографиялық жоспарларды жасау және жаңарту, ғимараттар мен құрылымдарды құрылыс учаскелеріне орайластыру, сондай-ақ басқа да арнайы жұмыстарды орындау;

желілік және алаңдық тұрпаттағы инженерлік құрылымдар, жер асты құрылымдары мен желілерін жобалау және зерттеу, салу және пайдалану кезіндегі геодезиялық, топографиялық және басқа да арнайы жұмыстар;

Өндірістік қызмет нәтижесінде алынған топографиялық-геодезиялық өнімдер мен арнайы ақпараттарды жинау, жүйелендіру, сақтау және сату;

Кәсіпорында орындалатын инженерлік зерттеу және топографиялық-геодезиялық жұмыстар бойынша, сондай-ақ ұйымдар мен ведомстволардың өтінімдері бойынша жобалау сметалық құжаттамаларды дайындау;

геодезиялық, картографиялық, топографиялық жұмыстарды метрологиялық қамтамасыз ету

Филиалдың жұмыстарды орындауға арналған мынадай техникалық жарақтары бар:
Геодезиялық жабдықтар: AG «LeicaGeosystems» шығарған GPS-қабылдағаштар, электронды тахеометрлер, цифрлы және оптикалық нивелирлер, «TOPCON», жарыұты алыстан өлшегіштер, трасса іздегіштер, GPS-навигаторлар, теодолиттер
Компьютерлік техника: жеке компьютерлер, ноутбуктер, үлкен форматты сканерлер мен плоттерлер
AG «LeicaGeosystems» шығарған цифрлы фотограмметрияға арналған графикалық станциялар
Бағдарламалық қамтамасыз ету өнімдері: ArcGIS 9.1, MicroStation, MapInfo Professional, AutoCAD
Арнайы мақсаттағы автокөліктер

Филиал тапсырыс бойынша жұмыс істеу тәжірибесі бар:
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;
«Тенгизшевройл» ЖШС;
Есіл өзеніндегі су реттейтін бөгетті топографиялық-геодезиялық жұмыстар, Астана қаласы;
«KEGOC» АҚ;
«Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ;
«КАТКО» ӘК ЖШС;
«Волковгеология» АҚ.
Мемлекеттік органдар мен мекемелер,
Жеке тұлғалар

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.