Қауіптің алдын алуға бағытталған тәсіл

Кәсіпорынның ішкі бақылауын ұйымдастыру, шығындарды төмендетуді және кәсіпорын қызметінің нәтижелілігін арттыруды жүзеге асыру кезінде жұмылдырылған еңбек, материалдық және қаржылай ресурстарды оңтайлы пайдалану мақсатында қауіптің алдын алуға бағытталған тәсіл қолданылады.

Қауіптің алдын алуға бағытталған тәсіл – ұйымдастыру және ішкі бақылауды жүзеге асыру тәсілінен тұрады және кәсіпорын қызметінің өндіріс объектілерін қауіптің белгілі бір санатына не қатердің белгілі бір тобына (санатына) жатқызуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Ай сайын бөлімшелерде ішкі құжаттарды қауіптің алдын алуға бағытталған тісіл бойынша өзін өзі тексеру жүргізіледі.

Ұйғарым үлгісіне сәйкес біздің кәсіпорында мақсаттың 4 санаты бар:

Стратегиялық мақсат – Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі көрсеткіштерін сапалы орындауға және қол жеткізуге байланысты жоғары деңгейлі мақсат.

Операциялық мақсат – бюджеттік қаражаттан бөлінген және сеніп тапсырылған мемелекеттік мүлікті мақсатқа сай және тиімді пайдалану.

Есеп беруге дайындық саласындағы мақсат – қаржылық есептіліктегі операциялардың дұрыс, дер кезінде орындалған және шынайы  көрінісі (бухгалтерлік операциялар)

Заңнамалықты сақтау саласындағы мақсат – қаржылық-шаруашылық қызмет барысында Қазақстан Республикасы заңнамаларының («Мемлекеттік мүлік туралы» Заң, Бюджеттік, Салықтық және Еңбек кодекстері, және т.б.) нормаларын дәлдікпен сақтау

Аталған мақсаттарға жету кәсіпорын бақылауының шегінде тұр және сыртқы факторларға тәуелді емес, осыған байланысты қауіпті басқару олардың орындалуын қамтамасыз етуге тиісті.

Қауіпті басқару үдерісінің бөліктері

Қауіптерді басқару үдерісі 8 өзара байланысты бөліктерден тұрады:

Ішкі орта – қауіп туындаған аймақ, жұмыс учаскесі, қызметкерлердің мәселеге көзқарасы, қауіп қалай пайда болды, фоны қандай  

Мақсат қою – әрбір жұмыс учаскесіне қойылған белгілі бір жеке мақсат, кәсіпорынның бір немесе бірнеше маңызды мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Оқиғаны анықтау – кәсіпорынның жеке және негізгі мақсаттарына қол жеткізуге әсер ететін ішкі және сыртқы оқиғалар

Қауіпті бағалау – қауіптің деңгейін, қатысын анықтау, оларды жою бойынша алдын ала қандай іс-шаралар қабылданды. Қазіргі және қалған деңгейі тұрғысынан бағалау қажеттілігі.

Қауіпке үн қату – кәсіпорындағы қауіп деңгейіне сәйкес анықталған қауіпті алып шығуға мүмкіндік беретін іс-шаралар кешенін әзірлеу.

Бақылау құралдары – туындаған қауіптерді жою бойынша әзірленген және қабылданған іс-шаралардың тиімділігі мен мерзімділігін бақылау.

Ақпарат және коммуникациялар – қауіп төнген учаскедегі ақпаратты жауапты қызметкерлердің филиал басшысына дер кезінде және толық ұсынуы және одан әрі кәсіпорын басшылығына қажет болған жағдайда барлық әрекетті үздіксіз өндіріс үдерісін қамтамасыз ете отырып зиян келтірмей жүзеге асыру қажет.

Мониторинг жүргізу – әрбір филиалдағы қауіпті басқарудың барлық  үдерісі қадағаланады және қажет болған жағдайда бекітілген жауапты қызметкерлер түзетіп отырады.

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.