Халықаралық ынтымақтастық

Геодезия және картография саласындағы халықаралық ғылыми-техникалық қызмет ТМД мүше елдер және алыс шетелдермен ынтымақтастықта дамиды.

Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті мен оған ведомстволық бағынысты кәсіпорындардың (оның ішінде «Қазгеодезия» РМҚК да бар) делегациялары ТМД қатысушы елдердің геодезиялық қызметтерінің ынтымақтастығы жөніндегі мәселелердің үлкен ауқымы қарастырылатын Тәуелсіз Мемлекеттік Достастығына мүше елдердің геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің сессиясы жұмысына қатысады.
2014 жылғы 3 – 5 қыркүйек аралығында Астана қаласында геодезия, картография, кадастр және Жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңесінің ХХХVI сессиясы өтті.

Кеңес мүшелері осыған дейін өткен сессия шешімдерінің орындалу барысын және ТМД қатысушы елдердің геодезия және картография саласындағы өндірістік ұйымдар персоналының әрі кәсіби білім беретін ұйымдардың профессорлық-ұстаздық құрамының біліктілігін көтеру және дайындау бойынша жұмыстарды талқылады.

Осы ТМД қатысушы мемлекеттердің кеңістіктік инфрақұрылымының пилоттық жобасын іске асыру мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шараларға және бірыңғай навигациялық кеңістік қалыптастыру кезіндегі өзара ынтымақтастық туралы тұжырымдама жобасын әзірлеу бойынша жұмыстарға баға берілді.

ТМД қатысушы елдердің геодезия және картография саласындағы өндірістік ұйымдар персоналының әрі кәсіби білім беретін ұйымдардың профессорлық-ұстаздық құрамының біліктілігін көтеру және дайындау  бойынша ынтымақтастық туралы келісім жобасы расталды.

Картографиялық-геодезиялық қор материалдарын цифрлы қалыпқа ауыстыру және географиялық атауларды өзгертудің электронды бюллетенінің қосымшаларын әзірлеу мәселесіне ерекше көңіл бөлінді.

Сессия жұмысына ТМД Атқару комитетінің қауіпсіздік және жаңа қауіптерге қарсы әрекет саласындағы ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары Мұрат Тәшібаев, Әзербайжан Республикасы, Армян Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Молдова Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының картографиялық-геодезиялық қызметінің басшылар мен өкілдері қатысты.

Геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондтау жөніндегі мемлекетаралық кеңес 1992 жылы өқрылды. Оның құрамына Әзербайжан, Армян, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері кіреді. Түркіменстан мен Украина кеңес жұмысына бақылаушы ретінде қатысады.

Кеңес геодезия, картография, кадастр және жерді қашықтықтан зондтау саласында келісілген саясат жүргізеді, тиісті нормативтік-техникалық құжаттама әзірлейді, мемлекеттердің мүдделі министрліктері және ведомстволарымен бірлесіп өз құзіретіндегі мәселелер бойынша ТМД үкіметі басшыларының кеңесінде қарастыру және ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша шешім қабылдау үшін ұсыныстар дайындайды.

Мемлекетаралық кеңестің келесі XXXVII сессиясы 2015 жылы Армян Республикасында өтеді.
Кеңес географиялық ақпараттық жүйе – Азия және Тынық мұхиты өңіріндегі елдердің инфрақұрылымындағы тұрақты комитет шеңберінде өз бетінше жұмыс тобы ретінде ресми танылған.

Сондай-ақ біздің делегация Қазақстан Республикасын географиялық атаулар бойынша БҰҰ сарапшылары тобында Шығыс Еуропа, Солтүстік және Орта Азия бөлімінің жұмысын бақылаушы ретінде танытып жүр.
2012 жылғы 27-28 қыркүйекте Минск қаласында ТМД қатысушы мемлекеттердің геодезия, картография, кадастр және ЖҚЗ жөніндегі мемлекетаралық кеңес шеңберінде геодезистер мен картографтардың V конгресі өтті.
Конгреске 9 елден мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың 100 астам өкілдері қатысты (Беларусь Республикасы, Ресей, Әзербайжан Республикасы, Қазақстан Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Украина, Латвия Республикасы, Швейцария, Польша Республикасы).

Геодезистер мен картографтардың V конгресінің жұмысы мынадай міндеттерді шешуге ерекше назар аударылған қарар қабылдаумен аяқталды.
• Заманауи цифрлы технологиялар негізінде жаңа картографиялық өнім түрлерін, оның ішінде ақпаратты артқан карталар жасау.
Мемлекеттік басқару органдарына арналған ақпараттық жүйе қалыптастыру.
Навигациялық жүйелердің жұмысын жүргізу үшін жоғары дәлдікті геодезиялық негіздер мен картографиялық материалдар жасау.
Жергілікті жер туралы жеткілікті ақпаратты жедел  алу тәсілі ретінде топографиялық мониторинг жасау.
Оптикалық-электрондық тәсіл базасында жоғары және өте жоғары мүмкіндіктегі ЖҚЗ деректерін жедел алу, өңдеу, тарату және пайдалану жүйесін жасау.
Азаматтардың, ұйымдардың, мемлекеттік басқару органдарының және экономика салаларының объективті қажеттілігін қамтамасыз ету мақсатында геоақпараттық деректерді бірыңғай жүйеге интеграциялау.
Мемлекеттік картографиялық-геодезиялық қор материалдары мен деректерін қалыптастыру, сақтау және пайдалану тетіктерін іске асыру.
Жоғары және арнайы орта білім беруді дамытуға, қызметкерлерді дайындау мен біліктілігін арттыруға көмек көрсету.

.

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.