Тарихы

1919 жылғы 15 наурызда Халық шаруашылығы Жоғары Кеңесінің Ғылыми-техникалық бөлімінің жанынан Жоғары геодезиялық басқарма құру туралы декретке сәйкес КСРО геодезиялық қызметі ұйымдастырылды.

Қазақстанның аумағында 1945 жылға дейін барлық топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар Орта Азиялық Аэрогеодезиялық кәсіпорнының (АГК) топографиялық-геодезиялық  отряды мен Батыс Сібір АГК топографиялық отрядының күшімен орындалды.

1945 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласында Қазақ Аэрогеодезиялық кәсіпорын (ҚазАГК) ұйымдастыруға кірісті. ҚазАГК алғашқы бастығы А.И. Субботин болды.

Қазақ ССР Кеңхалкомының 1945 жылғы 10 наурыздағы № 122 қаулысымен қайта ұйымдастырылған кәсіпорынның алдына нақты міндеттер жүктелді. Олардың негізгілерінің бірі – мемелекеттік картографиялау мақсатында Қазақ ССР 1945-1947 жылдардағы барлық аумағының 1:100 000 масштабты түсірілімін аяқтау.

1945 жылдың күзінде Семей топографиялық техникумы ашылды.
ҚазАГК өзінің өндірістік қазметін 1945 жылдың 1 қаңтарынан бастады, құрамында Талғар станицасында стационарлық базасы бар бір далалық топографиялық отряды бар болатын.

1991 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін алғаннан кейін барлық геодезия және картография құрылымы қайта ұйымдастырылды.
Қазақ ССР Президентінің Жарлығы бойынша (1991 ж.) одақтың қол астындағы барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер ҚазССР Үкіметінің иелігіне өтті, ал қазақ ССР Министрлер Кабинетінің № 19 (1992 ж.) қаулысымен КСРО МГКБ ҚазАГК базасында ҚазССР Министрлер Кабинетінің жанынан Бас геодезия және картография басқармасы (Қазгеодезия) құрылды.

Қазгеодезия құрамына Қазақстанның аумағындағы бұрынғы КСРО МГКБ құрамындағы барлық ұйымдар мен кәсіпорындар, кешенді біріктірілген экспедициялар, сондай-ақ Қазақ Мемлекеттік геодезиялық қадағалаудың аумақтық инспекциясы (ҚазМГҚАИ) кірді.

1992 жылы Орталық картографиялық-геодезиялық қор (ОКГҚ), қазіргі Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор құрылды.
1996 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазгеодезия» таратылды және оның функциялары Мемлекеттік жер қатынастары және жерге орналастыру комитетіне (Мемжерком), сосын 1999 жылы Жер ресурстарын басқару агенттігіне берілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылығы 30 маусымдағы № 668 қаулысымен Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Батысгеодезия», «Жамбылгеодезия»,  «Қазгеокарт», «Орталықмаркшейдерия», «Республикалық картографиялық фабрика», «Солтүстікгеодезия»,  «Шығысгеодезия»,  «Шымкентгеодезия» филиалдары бар «Қазгеодезия» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны құрылды.

Қазіргі уақытта «Қазгеодезия» РМҚК өзінің өндірістік әлеуеті, жоғары білікті мамандары мен техникалық жарақтары, орындайтын топографиялық-геодезиялық, аэротүсірілім және картографиялық жұмыстары бойынша ерекшеленеді.

«Қазгеодезия» РМҚК өзінің қызметін алдыңғы қатарлы жоғары дәлдікті технологияларды пайдалану, қысқа мерзім ішінде геодезиялық, картографиялық және аэротүсірілім жұмыстарын кез келген көлемдегі жинақта орындау қағидатына негіздейді. 

ҚР, Астана қаласы, Бөгенбай батыр даңғылы, 3/3; Қабылдау бөлмесі: +7 (7172) 319-701; Кеңсе: +7 (7172) 319-003 (факс);
E-mail:  info@kazgeodeziya.kz
© 2019 «Қазгеодезия» РМҚК Барлық құқықтары қорғалған. https://arctika.kz

Please publish modules in offcanvas position.